476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

{titlechange:favorites Оятқыш сағаттың әуені адамның эмоционалды күйіне қалай әсер етеді – зерттеу}

  • 1333
  • UPD: 15:30, 05.02.2020
{titlechange:favorites Оятқыш сағаттың әуені адамның эмоционалды күйіне қалай әсер етеді – зерттеу}

Осыдан он жыл бұрын адамдар таңертең қоңыраулы сағатпен оянатын еді. Бүгінгі таңда оятқыш тіпті ең арзан смартфонның өзіне біріктірілген және оның әуенін таңдауға мол мүмкіндік бар.

Біреулер баяу, жағымды әуенді таңдаса, енді біреулер қатты әрі жігерлі әуендерді жөн санайды.

Оятқыш әуені адамның эмоционалды және физикалық күйіне қалай әсер етеді? Австралияның Мельбурн қаласының ғалымдары бұл сұраққа жауап іздеп, зерттеу жүргізді. Олардың зерттеу нәтижелері Plos One ғылыми журналында жарияланды.

Зерттеуде ғалымдар 50 еріктінің мәліметтерін қарастырған.

Сауалнама көрсеткендей, салыстырмалы түрде баяу әуенмен оянатын адамдар ұйқы инерциясының белгілерін аз сезінеді. Ал қатты әрі энергияға толы музыкалық шығармалармен оянғанда адамдар әлдеқайда ауырлықты сезінген. Мұның себебі қатты әрі жылдам әуендер ұйықтап жатқан адамды шошытып, мидың жұмысын уақытша бұзуы мүмкін. Өз кезегінде тыныш әуен жеңіл әрі жайлы оянуға мүмкіндік береді екен.

Хабар 24 телеарнасы