431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көктайғақ пен күшті жел: елордада алдағы үш күнде ескерту жарияланды

  • 220
  • UPD: 07:38, 06.02.2020
Көктайғақ пен күшті жел: елордада алдағы үш күнде ескерту жарияланды 365info.kz

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет»  деректері бойынша 5, 6, 7 ақпанда көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылдың ықтималдығы 85-90%.

ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болуға шақырады. Көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруді, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезелерді мықтылап жабуды, балконнан сыртқа ұшып құлауы мүмкін барлық заттарды алып тастауды, барынша сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы