432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қандай тағамдар қауіпті вирустардан қорғайды

  • 1154
  • UPD: 12:28, 06.02.2020
Қандай тағамдар қауіпті вирустардан қорғайды

Қыс мезгілінде ағзаның түрлі вирустарға қарсы тұра алуы үшін ас мәзірінде маңызды дәрумендердің болуы маңызды рөл атқарады.

Неміс диетологы Ева-Мария фон Брух Focus басылымына берген сұқбатында рационға пайдалы тағамдар қосу арқылы қауіпті вирус жұқтырудан қалай қорғануға болатынын айтты.

Саумалдық (шпинат)

Шпинат А дәруменіне бай. Шырышты қабаттардың қорғанысын жақсартады. Ал тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары иммунитетті қорғау қызметін атқарады. Сол арқылы вирустардың ағзаға енуіне жол бермейді.

Сәбіз

Сәбіз құрамындағы бета-каротин қандағы антиоксиданттардың мөлшерін арттырады, иммундық жүйені нығайтады және сау жасушалардың дамуына ықпал етеді. Ал құрамындағы В3 дәрумені токсиндерді шығарады. Сондай-ақ пайдалы микроэлементтер жасушалық деңгейде ағзаны қалпына келтіреді және тазартады.

Брокколи

Ол токсиндерді жойып, ағзаның инфекциямен күресуіне ықпал етеді.

Брокколи құрамында С витамині, бета-каротин, селен, мырыш, фосфордың және глутатионның мөлшері жоғары. Блумберг институтының қызметкерлері жүргізген тәжірибелер брокколиді экологиясы нашар қалалардың тұрғындарына үнемі тұтыну қажет екендігін дәлелдеген.

Жаңғақтар мен күнбағыс тұқымдары

Жаңғақтар мен дәндердің құрамында Е дәрумені, мырыш, селен және мыс сияқты пайдалы қоректік заттар бар. Олар иммундық жүйе әлсіреген жағдайда оны қорғайды. Мыс ақуыздар мен ферменттер синтезіне қатысады және дене жасушаларының оттегімен қанықтырылуына ықпал етеді. Эритроциттер мен лейкоциттердің функционалдығы организмдегі мыс деңгейіне тікелей байланысты.

Қырыққабат

150 грамм қырыққабаттың құрамында С дәруменінің күнделікті нормасының 90%-ы бар. Аскорбин қышқылы антиоксидант ретінде қабыну қаупін төмендетеді және жаралардың тез жазылуына ықпал етеді. Қытай тұрғындары коронавирустың алдын алу үшін қырыққабатты белсенді түрде тұтынуда. Сонымен қатар қырыққабаттың құрамында ағзаның қорғаныс күшін арттыратын магний, калий және басқа да пайдалы заттар бар.

Балық

Балықтың құрамындағы В дәрумені, мырыш және селен ағзаның қорғаныс қабілетін жақсартуда маңызды рөл атқарады, иммундық жүйенің Т-байланыс жасушаларының көбеюіне ықпал етеді, сонымен қатар фагоциттердің, яғни микробтарды жоятын және өңдейтін жасушалардың жұмысын күшейтеді.

Бауыр және сиыр еті

Лейкоциттер қауіпті вирустармен күреске тікелей қатысады. Қандағы лейкоциттер деңгейінің төмен болуы денені кез-келген ауруға бейім етеді. Сиыр етінде, бұзау бауырында, қой етінде, жұмыртқада көп мөлшерде кездесетін мырыш лейкоциттердің қызметін жақсартады.

Қандай жаңғақтар денсаулыққа пайдалы?

Балдың денсаулыққа қандай пайдасы бар? Омарташы жауабы

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы