422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан Қытаймен хат пен сәлемдеме алмасуын тоқтатты

  • 628
  • UPD: 22:56, 06.02.2020

Аспанасты елінен жеткізілетін барлық сәлемдемелерді де қабылдамайтын болды. Өйткені қазір Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылған.

Автокөлік қозғалысына, әуе және темір жол қатынасына уақытша тыйым салынған. Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары жұрттың үрейін қашырған коронавирус хат арқылы жұқпайды деп сендіреді. Олар қауіпті індет адам ағзасында ғана сақталады, ал тұрмыстық заттар арқылы таралмайды деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы