411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда облыстық маңызы бар 8 жол жабылды  

  • 305
Қостанайда облыстық маңызы бар 8 жол жабылды  

Бүгін Қостанай өңірінде облыстық деңгейдегі сегіз жол уақытша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күні кеше республикалық тас жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылған. Бұл трассалар қалың қардан түгелдей тазартылып, таңертеңнен барлық көліктер үшін ашылды. Төртінші ақпаннан бастап жолда қалып, көмек сұрағандар үшін жедел штаб құрылды. Ол тәулік бойы тынымсыз жұмыс істеп жатыр.

Құрманғазы Тәуекелов, төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:

– Кезекшілік кезінде жолдарда 11 адам құтқарылды. Оның ішінде бір бала. Үш техника қауіпсіз жерге шығарылды. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша, 8 ақпан күні қар жауып көктайғақ болуы мүмкін және жел секундына 28 метрге дейін күшейеді. Сондықтан жүргізушілерге алыс сапарларға шықпауын сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы