431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында күн суытады

  • 230
  • UPD: 09:31, 08.02.2020
Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында күн суытады

Алдағы үш тәулікте елордада бұрқасын мен көктайғақ болады. Бұл жөнінде Қазгидромет хабарлады.

Ауа температурасы төмендеп, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Қаратеңіздік циклонның әсерінен еліміздің солтүстік және батыс облыстарында күн суытады. Қазгидромет пен төтеншеліктер тұрғындарды сақ болуға шақырды. Ал қалған аймақтарда ауа температурасы бұрынғыдай  болады. Оңтүстікте плюс 20 градусқа дейін көтеріледі. 

Жанар Серлібаева, Қазгидромет РМК инженер-синоптигі:

- Қара теңіздік циклон күндіз 7 ақпанда Батыс Қазақстанға жылжиды. Ал таңертең солтүстік Қазақстанға жылжып бұрқасынмен қар жауу және күшті екпінді жел әкеледі. Циклонмен байланысты атмосфералық фронттар батыстан шығысұа ығысып, қардың жаууын, бұрқасын, күшті оңтүстік-батыс желін және көктайғақ, оңтүстік облыстарда жаңбырдың қарға ұласуын тудырады.

Хабар 24 телеарнасы