375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

  • 142
  • UPD: 14:16, 10.02.2020
Елімізде алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстан арқылы ығысатын арктикалық суық фронттар қардың жаууын, бұрқасын, күшті солтүстік-батыс желін, оңтүстік облыстарында жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман және көктайғақ тудыратын болады. Оның шығысқа қарай ығысуынан Қазақстанның батыс облыстарында да күн суытады. Шығыс пен орталықта түнгі ауа температурасы минус 25…33°С-қа дейін төмендейді», - делінген хабарламада.

Алайда Атлант мұхитынан жылжыған циклондар суықтың ұзақ ұстап тұруына жол бермейді. Кезекті циклонмен 13 ақпанда республиканың батысы мен солтүстігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы