377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің шығысында жолдар жабық тұр

  • 57
  • UPD: 13:09, 11.02.2020
Еліміздің шығысында жолдар жабық тұр

Күннің қолайсыздығынан еліміздің шығыс өңірінде жолдар жабылды. Атап айтқанда, Алматы-Өскемен және Өскемен-Риддер тас жолдарының кей учаскелерінде қозғалысқа шектеу қойылған. Оның жалпы ұзындығы 187 шақырымды құрайды. 

«ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырып отыр. Сосын Төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларына құлақ асуды ескертеді. Жолдағы жағдайды 1403 байланыс желісі арқылы білуге болады.

Хабар 24 телеарнасы