421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар қай елдерге саяхат жасағанды жөн санайды

  • 790
  • UPD: 14:42, 12.02.2020
Қазақстандықтар қай елдерге саяхат жасағанды жөн санайды

Қазақстандық саяхатшылардың 33%-ы виза талап етілмейтін елдерге демалуға барады, деп хабарлады aviasales.com.

Мамандар қазақстандықтардың 2020 жылы шетелдерге саяхаттау үшін жасаған тапсырыстарына сараптама жасады. Зерттеу бойынша, шетелге баратын әрбір үшінші қазақстандық визасыз елдерді таңдайды.

Әсіресе, қазақстандықтардың көбісі визасыз баруға болатын елдердің ішінде Ресейді таңдайды. Туристер Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург және Краснодар қалаларына жиі барады. Бұл қалаларға әуе қатынасы арқылы орта есеппен 72 мың теңгеге баруға болады.

Екінші орында Түркия тұр. Бару-келу билетінің орташа құны 113 мың теңгеден басталады. Қазақстандықтар көбінесе Ыстамбұл мен Анталияны таңдайды.

Одан кейін Өзбекстан, Грузия және Әзірбайжан елдеріне жиі барады. Бұл елдерге бару құны 83 мың теңгеден басталады.

Сонымен қатар визасыз елдердің ішінде Малайзия мен Мальдив аралдарына деген сұраныс жылдан жылға артып келеді.

Бұған дейін қазақстандықтардың 2020 жылы қай елдерге визасыз бара алатынын жазған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы