432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бес облыста жол учаскелері жабық тұр

  • 524
  • UPD: 09:19, 14.02.2020
Бес облыста жол учаскелері жабық тұр

Бүгін елімідің басым бөлігінде қалың қар жауып, жел екпіні күшейеді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, қазірдің өзінде 5 облыстағы жол учаскелері жабылған.

Ең қиын жағдай Нұр-Сұлтан мен Қарағанды маңында қалыптасып отыр. Қаладан шығатын барлық бағытқа уақытша шектеу қойылды. Ал, елорда іргесінде үш ірі жол апаты болып, ондаған көлік соқтығысты деген ақпарат бар. Оның біреуі Щучинск-Нұр-Сұлтан автобанының 36-шақырымында болды. 20-ға жуық автокөлік зардап шекккен. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Ал осы аумақтағы жолдың қарсы бетінде 16 көлік соқтығысып, 5 адам жарақат алды. Тағы бір жантүршігерлік жол апаты Қарғанды облысындағы Шоқай ауылының маңында болды. Ауа райының қолайсыздығынан айнала көрінбей, 15 көлік бір-бірімен соқтығысқан. 

Жомарт Асқаров, ҚР ІІМ ТЖК дағдарыс жағдайларында басқару орталығының өкілі: 

- Төтенше жағдайлар қызметі жіберген хабарламаларға бей-жай қарамауды сұраймыз. Сонымен қатар жақын арада алыс жолға шықпаған абзал. Егер шұғыл көмек қажет болса 112 байланыс желісіне хабарласуға болады.

Хабар 24 телеарнасы