435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демалыс күндері ауа райы қандай болады

  • 208
  • UPD: 16:31, 14.02.2020
Демалыс күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет 15-17 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік жартысында күн бұлтты, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.

Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты болады. Ал республиканың солтүстік жартысында қардың жаууы, бұрқасын, оңтүстік-батыс желі Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық фронттарды тудыратын болады. Ауа температурасының аздаған төмендеуі жексенбіде басталып, ақпан айының орташа көпжылдық мәніне жақын болады.

Хабар 24 телеарнасы