Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 18, 19 ақпанда боранды ескерту жарияланғанын мәлімдейді.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 23 м/с жетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қала сыртына шығудан бас тартып, сақ болуды, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады. Тас жолдардың жабылуы туралы ақпаратты «112» қызметінен SMS хабарламалар арқылы, «Smart Astana» қосымшасында білуге болады. Сондай-ақ енгізілген шектеулер туралы мәліметті «Darmen» қосымшасынан бақылауға болады.