424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жүрегі минутына 9 рет қана соғады: киттердің басқа тіршілік иелерінен ерекшеліктері қандай

  • 1622
  • UPD: 12:23, 19.02.2020
Жүрегі минутына 9 рет қана соғады: киттердің басқа тіршілік иелерінен ерекшеліктері қандай

Бүгін – Бүкіләлемдік киттер күні.

1986 жылдың 19 ақпанынан бастап киттерді коммерциялық мақсатпен аулауға мораторий енгізілді. Содан бері бұл күн бүкіләлемдік мереке болып бекітілді. Мейрамның мақсаты – теңіз бен мұхит мекендеушілерін қорғап, табиғатқа қамқорлықпен қарауға қоғамның назарын аудару.

Киттер шамамен 55 миллион жыл бұрын пайда болған. Көптеген елде кит аулауға заңмен тыйым салынған.

Олардың басқа тіршілік иелерінен ерекшеленетін бірнеше қасиеті бар.

Әлемдегі ең ірі сүтқоректі

Орташа есеппен киттердің ұзындығы 22 метрден 27 метрге дейін жетеді. Ал оның жүрегі 600-700 кг болады. Әлемдегі ең үлкен кит 1926 жылы ұсталған, оның ұзындығы 33 метр, ал салмағы кем дегенде 150 тонна болған.

Дауыстары зор

Сонымен қатар көк киттер – барлық тіршілік иелерінінің ішіндегі ең қатты дауыс шығара алатын табиғат иесі. Басқа киттер оның дауысын 16000 км астам қашықтықтан ести алады.

Есту мүшесі жоқ

Киттерде басқа жануарлардағы сияқты дәстүрлі есту мүшелері, яғни құлақтары жоқ. Олар дыбыстарды жақтары арқылы естиді.

Киттердің көру қабілеті нашар және иіс сезбейтін болғандықтан, олар есту арқылы ғана су астында бағыт-бағдарды анықтап, қарым-қатынас орнатады және азықтарын таба алады.

Күніне миллион калория тұтынады

Олар 8 ай бойы ештеңе жемей, жинақталған майдың арқасында тіршілік етеді. Алайда жаз бойы күніне 3 тоннаға дейін тоқтаусыз тамақтанады. Киттердің негізгі рационы балдырлар мен ұсақ шаян тәрізділерден тұрады. Кейде олар кішкентай балықтарды жейді.

Жүрегі баяу соғады

Кит бір секундта екі мың литрге жуық ауа шығарады. Ал жүрегі минутына 9 рет қана соғады.

Қайталанбайды

Киттердің құйрығын адамдардың саусақ іздерімен салыстыруға болады. Себебі олардың құйрық іздері өздеріне ғана тән. Әрқайсысында ерекше өрнектер бар.

Хабар 24 телеарнасы