445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда маңына қатынайтын бірқатар бағдар қалпына келтірілді

  • 145
  • UPD: 15:49, 20.02.2020
Елорда маңына қатынайтын бірқатар бағдар қалпына келтірілді Литер

Қала маңына қатынайтын № 309, 311, 313, 321, 322, 326 бағдарларының қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды alrt.kz.

Линияда қатынап жүрген бағдарлар: № 302, 303, 304, 306, 308, 309, 311, 313, 318, 320, 321, 322, 326.

Қалған қала маңына қатынайтын бағдарлар қозғалысы уақытша тоқтатылды.

№ 303 бағдар Қосшы ауылында Республика көшесімен жүреді.

№ 304 бағдар Жібек жолы ауылындағы жол тазалау жұмыстары аяқталғанға дейін, ауылға кірмей тас жолдан (трасса) қайтады.

№№ 306, 326 бағдарлар Талапкер ауылындағы жол тазалау жұмыстары аяқталғанға дейін, ауылға кірмей тас жолдан (трасса) қайтады.

№ 309 бағдар Қабанбай батыр ауылына дейін жүреді.

№ 322 бағдар Жібек жолы ауылы және 4-ықшам ауданына жол тазалау жұмыстары аяқталғанға дейін, ауылға кірмей тас жолдан (трасса) қайтады.

Қалған бағдарлардың қозғалысының қалпына келтірілуі туралы қосымша хабарланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы