413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әблязовтің арбауына түспеңіздер – Бас прокуратура

  • 373
  • UPD: 20:46, 21.02.2020

Халықты заңсыз митингтерге үндейтін Мұхтар Әбіләзовтың арбауына түспеңіздер. Бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Петерс қазақстандықтарға осындай үндеу тастады.

Ресми өкіл мәлімдемесінде Әблязовтың жымысқы әрекеттерін жіпке тізіп, оффшорлық мемлекеттер арқылы елден 7,5 миллиард долларды жымқырғанын еске салды. Қазіргі таңда оның 1 миллиарды қайтарылған. Әбіләзовтың заңсыз әрекеттерінен тек Қазақстан ғана емес, Франция, Германия, Америка және өзге де елдердің зардап шеккені де айтылады. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша оның үстінен 8  бірдей айып тағылып отыр. 42 азамат сотқа тартылған.

Оксана Петерс, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- Әблязовтың көксегені - еліміздің тыныштығы, азаматтардың амандығы емес, жеке басының мүддесі мәнсабы. Ол қылмыстық жауаптылықтан құтылуды көздейді. Бұрын өзі жымқырған сіздердің қаражаттарыңызды митингке шыққандарға төлеуде. Біз сіздерді арандатушылыққа бой алдырмауға, заңсыз акцияларға қатысудан  бас тартуға шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы