427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Әскери өнім» бойынша тұрғын үй өтінімдерін қабылдау басталады  

  • 499
  • UPD: 17:52, 24.02.2020
«Әскери өнім» бойынша тұрғын үй өтінімдерін қабылдау басталады  

«Әскери өнім» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің хабарлауынша, банкте қаражат жинап жүрген және тұрғын үй төлемдерін алатын 3000 қазақстандық әскерилер мен арнайы орган қызметкерлеріне СМС-хабарлама жіберілді.

2020 жылы «Әскери өнім» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие беру мақсатында 60 млрд теңге бөлінді. Банк әрбір клиент үшін уақыттың қымбат екендігін жақсы біледі. Осыған орай, бағдарлама бойынша займ алатын үміткерлер тізімін тұрғын үй төлемдерін алушылардың жинаған сомасына және де өтінімді беру мерзіміне сай құрды. Бұл тізімге 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін орташа несие сомасының Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша 25 млн теңге, ал қалған аймақтар бойынша 15 млн теңге - 10%-49%-ын жинаған үміткерлер кіреді. Жалпы алғанда тізімге шамамен 3 мың адам алынды. Ең алдымен 49% көлемінде қаражат жинағандар, ал одан кейін қаражат көлеміне сай ең көбінен ең төменгісіне дейінгі салымы бар үміткерлер іріктелді.

Тізімнің басында тұрған азаматтар қазірдің өзінде несие алу үшін өтінім бере алады. Әскери қызметкерлердің өз уақытын дұрыс жоспарлап, қажетті құжаттарды дайындап үлгеруі үшін, әрбір үміткерге несие өтінімін жолдау мақсатында екі ай көлемінде уақыт беріледі. Мәселен, егер өтінім беру мерзімі ретінде сәуір айы көрсетілсе, онда үміткер несие алу үшін өтінімін 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 2020 жылдың 29 мамырына дейін тапсыра алады.

«Әскери өнім» бағдарламасы бойынша займ алу шарттары өзгертілмеді. Займ жаңа немесе қолданыстағы үйден пәтер алуға және оған жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ, үлестік қатысу келісімшарты бойынша беріледі. Бағдарлама талаптарына сай, бастапқы жарна мөлшері 15%-ды, займ бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 8%-ды, ал несиелендіру мерзімі – 25 жылға дейінгі уақытты құрайды.

Хабар 24 телеарнасы