420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 349
  • UPD: 23:14, 24.02.2020
Еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.

25 ақпанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Актау қаласында 25 ақпанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні күндіз 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

25 ақпанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Орал қаласында 25 ақпанда тұман, көктайғақ, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 18 м/с күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.

Қазгидромет

Хабар 24 телеарнасы