445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

  • 344
  • UPD: 16:27, 25.02.2020
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

25 ақпан 2020 ж. 21 сағ. 26 ақпан 2020 ж. аралығында Көкшетау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с шамасында.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, оңтүстіктен солтүстік-батыс бағытына ауысатын 15-20 м/с болса, кей жерлерде оның екпіні  23-28 м/с жетеді.

Шымкент қаласында қатты жаңбыр, күндіз оңтүстіктен солтүстік-батыс бағытына ауысатын 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы