411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан бірқатар жол жабылды

  • 229
  • UPD: 12:56, 27.02.2020
Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан бірқатар жол жабылды

Қарағандыда табиғат тосын мінез танытып тұр. Кеше күні бойы жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты.

Өңірдегі қазіргі жағдайда бізге телефон арқылы тілшіміз Ардақ Асылханұлы баяндайды. Ардақ күн райы қалай болып тұр?

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Қарағандыда кеше ауа температурасы 0-ден жоғары болып, толассыз жаңбыр жауған болатын. Ал түнде қарға ұласып, жол көк мұзға айналды. Осыған байланысты біраз бағыттағы жолдар жабылды. Әзірге тек ҚарағандыМолодежный, ҚарағандыБотақара бағытындағы жолдар ашылды. Сондай-ақ бүгін мектептерде сабақ тоқтатылды. Қазір де қар қылаулап тұр. «Дегенмен жолда ешқандай құтқару шаралары жүргізілген жоқ», - дейді төтенше жағдайлар қызметі. Синоптиктер ертең де дәл осындай ауа райының сақталатынын айтады.

Хабар 24 телеарнасы