439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадан ұшатын бірқатар әуе рейсі кейінге шегерілді

  • 145
  • UPD: 13:28, 27.02.2020
Елордадан ұшатын бірқатар әуе рейсі кейінге шегерілді

Елорда әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты ұшақтар әуеге көтеріле алмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірқатар рейс кейінге шегерілді. Мәселен, Варшава, Мәскеу, Омбы және Алматыға бағыт алған жолаушылардың сапары басқа күнге қалды. Халықаралық әуежай өкілдері хабарлағандай, тоқтаусыз соғып тұрған боранның салдарынан ұшу-қону алаңы көрінбейді.

Хабар 24 телеарнасы