413,26 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында реcпубликалық маңыздағы үш жол жабық тұр

  • 227
  • UPD: 13:22, 27.02.2020
Қостанай облысында реcпубликалық маңыздағы үш жол жабық тұр

Боран және көктайғаққа байланысты  кеше көлік қозғалысына тыйым салынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен тәуліктен бері екі құтқару операциясы жүргізілді. Арқалық қаласына қарасты Целинный ауылы маңында жедел жәрдем көлігі қалың қар құрсауында қалды. Оның ішінде дәрігерлерден бөлек аяғы сынған әйел болған. Ол өтімділігі жоғары техниканың көмегімен қалалық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ Жітіқара – Львов трассасында 5 жолаушысы бар автокөлік құтқарылды. Жітіқара қаласының құтқарушылар тобы жол талғамайтын машинамен адамдарды Тоқтаров елдімекеніне жеткізіп тастады.

Хабар 24 телеарнасы