435,87 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда 11 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

  • 160
  • UPD: 17:45, 27.02.2020
Нұр-Сұлтанда 11 автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Елордада 11 қоғамдық көліктің бағытына өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағдар жүйесін жаңартуға қатысты айтар болсақ, биыл бірқатар ұсыныс бердік. Соның бірі – бағдар схемаларын туралау. Өздеріңіз білетіндей кейбір автобус көшелерді айналып барып қозғалады. Мәселен №12 автобустың бағдарында сондай сипат бар. Ол қоғамдық көлік Қабанбай көшесімен келе жатып, Тұран даңғылына түсу үшін Министрліктер үйін айналып барады. Осы жағдай жолаушылардың біразының көңілінен шықпай жүр. Сол себепті аталған бағдардың қозғалысын туралау туралы ұсыныс бердік. Осылайша қозғалыс уақыты да, интервалы да қысқарады», – деді CTS компаниясы басшысының орынбасары Бауыржан Сейітов «Елордадағы қоғамдық көлік кешенін дамыту: кеше, бүгін, ертең» атты көрме-конференциясында.


Оның айтуынша, №12 автобуспен қатар, қаладағы дәл осындай 11 қоғамдық көліктің қозғалысына өзгеріс енгізілмек. Олар: № 2, 7, 18, 33, 40, 46, 51, 52, 61 және 81-бағдарлар.

 

Хабар 24 телеарнасы