428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада автобустарда тегін ауысып отыру алынып тасталады

  • 866
  • UPD: 13:09, 28.02.2020
Елордада автобустарда тегін ауысып отыру алынып тасталады

Қоғамдық көліктерде барлығына бірдей 60 минуттың ішінде басқа автобусқа ауысып отыру жеңілдігін алып тастайды.

«City Transportation Systems» компаниясы (бұрынғы «Astana LRT» ЖШС) жаңа тарифтерді енгізу аясында бір сағаттың ішінде екінші автобусқа тегін ауысып отыру жеңілдігін алып тастайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Компанияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 28 наурыздан бастап жаңа тарифтер енгізіледі. Соған сәйкес, барлығына бірдей 60 минуттың ішінде басқа автобусқа ауысып отыру жеңілдігін алып тастайды. Ондай мүмкіндік тек екі тариф кезінде ғана сақталады. Олар:

15 сапар – 2000 теңге;

30 сапар – 4 000 теңге.

Жолаушылар тасымалындағы өзгерістерге сәйкес, кәмелет жасына толмаған балалар бұдан былай автобуспен тегін қатынайтынын жазған едік. 

«Astana LRT» ЖШС атауы өзгерді.

Хабар 24 телеарнасы