411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вирусолог коронавирустың ЖРВИ-дан басты айырмашылығын айтты

  • 335
  • UPD: 16:55, 28.02.2020
Вирусолог коронавирустың ЖРВИ-дан басты айырмашылығын айтты msn.com

ЖРВИ мен коронавирус белгілері өте ұқсас, алайда олардың арасында басты айырмашылық бар.

Бұл туралы БАҚ-қа Ресейдің Марциновский Сеченовский атындағы медициналық паразитология, тропикалық және трансмиссивті аурулар институтының директоры Александр Лукашев айтып берді.

Белгілі болғандай, ЖРВИ кезінде дене температурасының жоғарылауы болса, коронавирус жұқтырған жағдайда адамның қызуы қатты көтерілмейді екен.

«Коронавирусты тұмаудан клиникалық айыру қиын. Жалғыз белгі – адамның дене қызуы 39 градус және одан да асып кетсе, ал коронавирус кезінде олай көтерілмейді», - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ коронавирус кезінде адамда көбінесе құрғақ жөтел болады. Ал егер жөтел ылғалды болса, науқаста бронхит болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы