448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусты көбінесе кімдер жұқтырады

  • 1646
  • UPD: 10:13, 04.03.2020
Коронавирусты көбінесе кімдер жұқтырады

Қытайдың статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Қытайда 11 ақпанға дейінгі уақытта (72 314 жағдай) коронавирус жұқтырған 10-19 жастағы жасөспірімдер барлық науқастардың 1%-ын ғана құрады.

Вирусологтардың айтуынша, иммундық жүйелерінің ерекшеліктеріне байланысты балалар мен жасөспірімдер коронавирус жұқтыруға бейім емес.

«Адамның иммундық жүйесі жасына байланысты әлсірейді және инфекцияларға бейім болады. Сонымен қатар созылмалы ауруларының болуы көбінесе асқынуды тудырады», - дейді мамандар.

Коронавирусты көбінесе 30-79 жас аралығындағы адамдар жұқтырады (87%). Сонымен қатар созылмалы аурулары бар 60 жастан асқан қарттардың өміріне коронавирус үлкен қауіп төндіреді.

Хабар 24 телеарнасы