447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түшкіру мәдениетін сақтау коронавирустан қорғайды – қазақстандық маман

  • 534
  • UPD: 13:02, 04.03.2020
Түшкіру мәдениетін сақтау коронавирустан қорғайды – қазақстандық маман tolqyn.kz

ҚР жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева коронавирустың қалай жұғатынын түсіндіріп берді.

«Коронавирустың өз талаптары бар. Коронавирустан қорғанудың басты жолы – медициналық маскалар емес. Түшкіру мәдениетін сақтау вирустың таралуына жол бермейді. Егер науқас адам қолына түшкіріп, қолымен заттарды ұстайтын болса, оның артынан басқа адам тура сол затты ұстап, одан кейін көзін уқалайтын болса, ол да вирусты жұқтырады. Яғни, оның өз ережелері бар. Коронавирус – ауада инфекциялар ұшып жүретін, маска кию арқылы одан қорғанатын вирус емес», - деді Динагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айтуынша, коронавирус киімдерге де тұрып қалуы мүмкін.

«Вирус жұқтырған адам бір жерге отырып түшкіріп, одан кейін тұрып кетіп қалса, ол орынға отырған басқа адам вирусты жұқтыруы мүмкін. Сондықтан тек маскаларға ғана сенуге болмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен барлық жетекші мамандар бұл вирустың алын алуға маскалардың емес, жеке бас гигенасын сақтау көмектесетінін айтуда», - деді ол.

Бұған дейін медициналық масканы дұрыс қолданбау инфекцияның пайда болу қаупін арттыруы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз. Мамандардың айтуынша, коронавирустан қорғанудың ең жақсы тәсілі – қолды сабынмен үнемі жуып жүру.

Коронавирусты көбінесе кімдер жұқтырады?

Кеңсені вирустан қалай тазарту керек – эколог кеңесі

Хабар 24 телеарнасы