447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада оқушылардың автобуста тегін жүруіне арналған картаны онлайн рәсімдеуге болады

  • 133
  • UPD: 09:39, 05.03.2020
Елордада оқушылардың автобуста тегін жүруіне арналған картаны онлайн рәсімдеуге болады

7 наурыздан бастап балалардың автобуста тегін жүруіне арналған көлік картасын www.transcard.kz сайтында онлайн тапсырыс беруге болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Картаны рәсімдеуге қажетті құжаттар

7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар үшін:

– Туу туралы куәлігі;

– Оқу орнынан анықтама;

– 3х4 сурет (ақ фонда);

16 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін:

– Жеке куәлігі;

– Оқу орнынан анықтама;

– 3х4 сурет;

Сайтта көлік картасын шығару үшін төлем жасауға болады. Құны – 400 теңге. 5 жұмыс күннің ішінде электронды поштаға картаның дайын болғаны туралы хабарлама келеді.

Баланың атаулы көлік картасын ата-анасы Қошқарбаев көшесі, 50/1 мекен-жайында орналасқан орталық кассадан ала алады. Қажетті құжаттар: ата-анасының жеке куәлігі және атаулы көлік картасы. Жеке куәлік алған жасөспірімдер өздері алады.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында 28-наурыздан бастап кәмелет жасына толмаған балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді.

Хабар 24 телеарнасы