432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жұмыс басты, ер жанышты жандардың назарына...

  • 569
  • UPD: 11:24, 06.03.2020
Жұмыс басты, ер жанышты жандардың назарына...

Жұмыста күйзеліске тап болу мен ұйқының бұзылуы адам өмірі үшін аса қауіпті. Ол ерте өлім тәуекелін 3 есеге ұлғайтады.

Бұл туралы Европалық кардиологтар қоғамының мамандары бірқатар зерттеуден кейін мәлімдеді.

«Ұйқы – демалу, бойдағы қуатты қалпына келтіру уақыты. Егер сіз жұмыста мазасыз күй кешсеңіз, ұйқыңызды қандыру арқылы тез диланып ала аласыз. Режимнің сақталмауы, әсіресе гипертонияға шалдықсаңыз, денсаулыққа қауіп төндіреді», – деді профессор Карл-Хайнц Ладвиг.

Ғалымдардың пайымдауынша, жұмыс туралы шектен тыс көп ойлау ұйқы проблемасын туындатады.

«Ондай адамдар таңғы сағат төртте ұйқыдан тұра сала, жұмыстағы проблеманы қалай шешсем екен деп ойлайды. Өндірісте адам жаны тыным таппай, ұйқысы шала болса, арты қайғылы аяқталуы мүмкін», – дейді Ладвиг.

news-fast.com

Хабар 24 телеарнасы