411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вирустар қауіпті емес: көктемде иммунитетті қалай нығайтуға болады?

  • 705
  • UPD: 17:04, 13.03.2020
Вирустар қауіпті емес: көктемде иммунитетті қалай нығайтуға болады?

Ұзақ қыстан кейін адам ағзасы әлсірейді. Сол себепті де осы шақта түрлі ауру-сырқауға қарсы тұру үшін ағзаға дәрумендер аса қажет.

Бұл күйді мамандар биологиялық сағаттар мен циркадиялық ырғақтардың өзгеруі жағдайына гормондардың бейімделуі деп түсіндіреді.

Дәрігерлер дәрумендерді өз бетінше ішіп, үйде ем қабылдауға мүлде болмайтынын ескертеді. Көктем мезгілінде адаптогендерді күнделікті мәзірге қосып тұтынған абзал дейді. Ол фармакологиялық препараттар жиынтығы, күйзеліс пен торығу, өзге де негативті эмоцияларды оңай еңсеруге көмектеседі.

Мамандар саламатты өмір салтын ұстанудың қарапайым қағидаларын сақтауды ұмытпаған жөн дейді. Олар:  7 сағаттан кем емес уақыт ұйықтау, көз ілер шақта жатын бөлмесін қараңғылықта ұстау, түрлі мультимедиялық құрылғыларды ұйқыға 1 сағат қалғанда қолданбау, түнде тамақты тойып жемеу. Тұтынатын ас-ауқат  тізіміне жемістер мен көкөністерді қосу. Таза ауада күніне, ең болмағанда, 30 минут серуендеу. 

news-fast.com

Бұған дейін балаларға коронавирус неге сирек жұғатынын жазған едік. 

Хабар 24 телеарнасы