414,13 452,15 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 570
  • UPD: 15:21, 06.03.2020
Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

7 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Қостанай қаласындакүндізоңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Болжамның ықтималдылығы 90-95 %.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 м/с-ге жетеді. Қызылорда қаласында 7 наурызда күндіз шаңды дауыл көтеріліп, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Болжамның дәлдігі 95-100%. 7-8 наурыздаТүркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Түркістан қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 7-8 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Хабар 24 телеарнасы