411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да облыстық маңызы бар жолдың барлығы жабылды

  • 217
  • UPD: 20:06, 07.03.2020
СҚО-да облыстық маңызы бар жолдың барлығы жабылды

Солтүстік Қазақстанда облыстық маңызы бар барлық бағыттағы жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұндай ескертуді 112 қызметі «Darmen» мобильді қосымшасы арқылы таратып отыр.

«Ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі, жаяу борасын, қар жауып, жолдың көрінбеуі) байланысты сағат 17:30-дан бастап көліктің барлық түрі үшін барлық бағыттағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары көлік қозғалысы үшін жабық», - делінген таратылған ақпаратта.

Өңірде мұндай ауа райы 8 наурыз күні де болады. Сондықтан облыс аумағында дауыл соғатыны ескертіліп отыр. Бұл күні боран соғып, оңтүстік-батыстан соққан келдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кейде секундына 23-28 метрге жететіндігі күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы