432,17 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • 430
  • UPD: 16:40, 08.03.2020
Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды kznews.kz

Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

9 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Қызылорда қаласында наурыз шаңды дауыл сақталады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

9 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сол күні Петропавл қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Хабар 24 телеарнасы