Көктемнің екінші аптасы басталса да еліміздің кей өңірлерінде күн суытып, жел тұрды. Қазавтожол мамандары бүгін Екібастұз - Нұр-Сұлтан бағытында көлік қатынасы тоқтағанын хабарлады.
Қарағандыдан Павлодарға қатынауға да уақытша шектеу қойылды. Шығыс өңірде де күн райы құбылып тұр. Соған байланысты Шемонаихадан Ресей шекарасына дейінгі жолдар жабық. Синоптиктер бүгін кей облыстарда жел соғып, қар борауы мүмкін екенін ескертеді.