424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бір жылда екі рет ұсталған браконьер 3 жылға сотталады

  • 470
  • UPD: 11:50, 12.03.2020

«Уылдырық шашу – 2020» арнайы іс-шарасына сәйкес Алматы облысының өзен-көлдерінде 5 сәуірден бастап 1 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады.

Ал заңды белшеден басқандар қатаң жазаға тартылады. «Өйткені заң бұрынғыдай жұмсақ емес. Браконьерлер азын-аулақ айыппұлмен құтылып кете алмайды» дейді мамандар. Мәселен, электр қармақтар мен қытайдың ауын және жарылғыш заттарды пайдаланғандарға бұған дейін 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатын. Бұл сома бүгінде 10 есеге дейін өсті. Ал бір жылдың ішінде екінші рет дәл сондай браконьерлік дерегі бойынша қолға түссе, дүние-мүлкі тәркіленіп, 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Статистикалық деректерге сүйенсек, заң бұзушылардың дені жеке тұлғалар болып отыр. Алматы облысында өткен жылы заңсыз балық аулауға қатысты 343 дерек анықталып, 9 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 

Аян Бахиянов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының орынбасары:

- Қылмыстық Кодекстің 335-бабына сәйкес, егер де осы заңбұзушылықтар бірнеше рет немесе бекіре тұқымдас балықтарға қатысты бұзылса, 6 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Бұрынғы көрсеткіш 2 мың болатын. Бұрын 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған болатын. Қазір ол көрсеткіш 7 жылға дейін көтерілді. Міндетті түрде мүлкі тәркіленеді.

Хабар 24 телеарнасы