418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вице-премьер: Еліміздегі кинотеатрлар уақытша жабылады

  • 1025
  • UPD: 15:06, 12.03.2020
Вице-премьер: Еліміздегі кинотеатрлар уақытша жабылады astana.zagranitsa.com

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты сауда-ойын сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жабылады.

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істей береді. Мемлекет халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуі тиіс. Ал сауда-ойын сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жабылады. Бұл оңай шешім емес. Өздеріңіз білесіздер, фильмнің ұзақтығы бір сағаттан асады. Бір жерде көптеген адамның сағаттан астам уақыт отыруы белгілі бір сұрақтар туындатады. Сол себепті біз осындай шешім қабылдадық», – деді Тоғжанов.

Биыл Наурыз мейрамы мемлекеттік деңгейде тойланбайды

Қазақстанда коронавирус жағдайы тіркелген жоқ – Ералы Тоғжанов

Қазақстанда студенттер 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқытылады

Елімізде бұқаралық іс-шараларды өткізуге толық тыйым салынды

Хабар 24 телеарнасы