421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан халықаралық әуе рейстерінің санын қысқартты

  • 612
  • UPD: 14:45, 12.03.2020
Қазақстан халықаралық әуе рейстерінің санын қысқартты

Мәселен, Түркия мен Қазақстан арасында аптасына 40 рейс қатынайтын еді. Енді оның тек 15-і ғана ұшады. Еуроодақ пен Ұлыбританиядан елімізге келетін 29 рейстің 14-і қысқарады. Біріккен Араб Әмірліктерімен барыс келісті қамтитын 32 рейстің тек 12-сі ғана қызметін жалғастырады. Қалғандарына уақытша шектеу қойылды. Бұл жолаушылар ағынын азайтып, коронавирустың алдын алу мақсатында қабылданды. Десек те, Ресей мен Қазақстан арасындағы әуе қатынастары қалыпты жағдайда. 

Берік Қамалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі: 

- Кеше ғана бүкіл шетелдік әуе компаниялардың өкілдерімен біз жиналыс өткізіп, ол кісілерге барплығын түсіндіріп айттық. Ол кісілердің барлығы мұны қабылдады. Бізде авиационный администрация құрылған. Сол жерде тәулік бойынша колл центр істейді. Оның телефондары жарияланған болатын. Сондықтан да егер де қандай да бір компания сіздердің билеттеріңізді қайтармаймыз, оның үстіне ақша төлеңіз дейтін болса, сіздер маған айтуларыңызға болады сол адамдардың өтінішін министрлікке берсін. Тағы қайталап айтамын барлық авиа компаниялар барлық билеттердің ақшасын қайтарып береді.

Хабар 24 телеарнасы