443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиланд үкіметі қазақстандықтарға виза беруді тоқтатты

  • 140
  • UPD: 12:04, 13.03.2020
Таиланд үкіметі қазақстандықтарға виза беруді тоқтатты

Қазақстанның Бангкок қаласындағы елшілігінің ақпаратына сәйкес, Таиланд Корольдігінің үкіметі коронавирус COVID-19 пандемиясына байланысты 18 елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарына ел аумағына келгенде берілетін визаларын (Visa on Arrival) рәсімдеу мүмкіндігін тоқтатты.

Таиландқа бару үшін Қазақстан азаматтары шет елдердегі Корольдіктің дипломатиялық өкілдіктерінің бірінде кіру визасын рәсімдеуі қажет. Тай тарапының бұл шешімі 2020 жылғы 13 наурыздан 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады және коронавирустың таралу деңгейі төмендегеннен кейін қайта қаралатын болады.

Осыған орай, ҚР азаматтарына осы елге жоспарланған сапарларына алдын-ала дайындалу қажеттілігіне назар аударамыз.

Ақпарат көзі: ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы