447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус жұққан жағдайда қандай телефонға хабарласу керек?

  • 667
  • UPD: 18:21, 13.03.2020

Температура көтеріліп, жөтел пайда болса яғни вирустық инфекцияның белгілері анықталса, медициналық мекемелерге жүгірудің қажеті жоқ.

Үйде қалу керек. Оның орнына 1406 колл-орталығына хабарласып, мамандарды күту керек. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп осылай деді. Қазір ол бізбен телефон арқылы тікелей байланыста. Сақтық шаралары жайлы толық мәліметпен бөліссеңіз.

Диас Ахметшәріп, ҚР ДСМ ресми өкілі:

- Коронавирус жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, қайта-қайта шөлдей береді. Ал коронавирус жұққан жағдайда 1406 колл-орталығына хабарласқан жөн.

Хабар 24 телеарнасы