411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорқу иммунитетті төмендетеді – психолог үрейге бой алдырмау керектігін айтты

  • 322
  • UPD: 17:39, 13.03.2020
Қорқу иммунитетті төмендетеді – психолог үрейге бой алдырмау керектігін айтты

Ресейлік маман Оксана Сашенко коронавирус төңірегіндегі жайсыз ақпараттардың кесірінен болатын үйрейді жеңудің жолдарын айтты.

«Біз өзіміз үшін істей алатын ең жаман нәрсе, ол – дүрбелеңге еру. Егер де айналамызда жағымсыз эмоциялар көп болса, онда сыни ойлау қабілетіміз арқылы өзімізге белгілі бір ақпараттық «диета» жасап алуымыз керек. Қорқыныш көптеген ауруларды қоздырып, иммунитетті төмендетеді. Содан ағзамыз зиян шегеді. Өзіміз үшін істей алатын ең жақсы нәрсе – иммунитетті нығайтып, бекерге қобалжымау», – деді ол.

Иммунитетті қалай көтеруге болады? Оны мына жерден оқи аласыз. 

Хабар 24 телеарнасы