425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 430
  • UPD: 22:33, 14.03.2020
Еліміздің үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның үш облысына дауылды ескерту жарияланды.  Бұл туарлы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 15 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с-ге жетеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Сонымен қатар «Қазгидромет» 15 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болатынын болжап отыр. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 15 наурызда оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Сондай-ақ, ертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95% болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы