447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дертке шалдыққандардың тыныс алу жолдарында вирус 37 күнге дейін сақталуы мүмкін

  • 144
  • UPD: 08:47, 16.03.2020
Дертке шалдыққандардың тыныс алу жолдарында вирус 37 күнге дейін сақталуы мүмкін

Коронавирусқа шалдыққандардың тыныс алу жолдарында вирус 37 күнге дейін сақталуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал осы уақыт аралығында науқас дертті жұқтырушы болып қала бермек. Мұны Қытайдың Ухань мен Цзиньтань қаласындағы ауруларға жүргізген соңғы зерттеулер көрсетіп отыр. Ғалымдар «COVID-19-ға тосқауыл қоюға осы бір жағдай да кедергі болуы ықтимал», дейді.

Айта кетейік, қазір дертке шалдыққан адаммен байланысқа түскен тұлғаны 14 күнге карантинге жабу шарасы қарастырылған. Осы мерзім аралығында адамның вирусты жұқтырғаны белгі беруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы