422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада қандай қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады

  • 1031
  • UPD: 11:41, 16.03.2020
Елордада қандай қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады

Елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова қоғамдық орындарға бармай-ақ қызметтерді онлайн алуға болатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті тұрғындар, елімізде коронавирустың таралмауы жөніндегі арнайы шаралардың қабылдануына байланысты қоғамдық орындарға барудан аулақ болу ұсынылады. Сондықтан сізге кейбір қызметтерді онлайн алуға болатындығын ескертеміз», – деп жазды М.Бектұрова Telegram-дағы парақшасында.

iqala.kz порталында үйден шықпай-ақ жарық, су, электр, телефон және қызметтердің 100-ден астам түрін қосу бойынша келісімшартқа қол қоюға болады. «Сонымен қатар сіз лифт пен көлік картасын толықтыра аласыз, коммуналдық қызметтерге ақы төлей аласыз, көлік салығын есептей аласыз, су есептегіштердің көрсеткіштерін тексеріп, қайырымдылыққа салым жасай аласыз, сонымен қатар Smart Astana қосымшасында карантинге қатысты барлық ақпаратты ала аласыз. e.astana.kz порталында онлайн режімде баланы кезекке қоюға немесе оның қозғалысын қадағауға, ПМПК емтиханына тіркелуге немесе балабақшадан орын алуға болады», – деп жазды қала әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, тұрғындар цифрлық қызметтерді пайдаланып, өзіне және жақындарына қамқорлық жасауы керек, қоғамдық орындарға баруды барынша азайтуы тиіс.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында коронавируске байланысты төтенше жағдай енгізді

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды

Төтенше жағдай кезінде елордадағы нысандар қалай жұмыс істейді

 

 

Хабар 24 телеарнасы