413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік төлем төленеді

  • 283
  • UPD: 18:21, 16.03.2020
Жұмыссыз қалған азаматтарға әлеуметтік төлем төленеді

Түрлі себеппен жұмыстан шығып қалған азаматтар мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 ай бойы әлеуметтік төлем ала алады.

Бүгін баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов заңдағы осы өзгерісті түсіндірді.

Оның айтуынша, әлеуметтік төлем мөлшері жоғалтқан жалақыңыздың 40 пайызын құрайды. Ол үшін азаматтар жұмыспен қамту орталығында қашықтан жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. 

Сондай-ақ министр елдегі ахуалға байланысты қысқартулар болуы мүмкін мекеме, кәсіпорындарға мониторинг жүргізіліп отырғанын жеткізді.

Еңбек заңы бойынша жұмыс беруші штат санын қысқартуды ұйғарса, ол туралы 1 ай бұрын ескертуі тиіс. Ал қысқартуға іліккен адамға бір айлық еңбекақы көлемінде ақшалай жәрдем төлеуі міндетті.

Мемлекет басшысының қазақстандықтарға телевизиялық үндеуінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы таныс болыңыздар

Президент Қазақстанда төтенше жағдай жариялады

Хабар 24 телеарнасы