412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушыларға теміржол билеттерінің құны толық қайтарылады

  • 411
  • UPD: 14:06, 18.03.2020
Жолаушыларға теміржол билеттерінің құны толық қайтарылады

Елдегі төтенше жағдайға байланысты «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы осындай шешім шығарды.

Енді кез келген жолаушы билетке кеткен ақшасын толықтай ала алады. Бүгін теміржол кассаларында билет өткізген жұрттың қарасы көп. Сондықтан ұзын-сонар кезек пайда болды. Кейбір кассаларда қолма-қол ақша көлемі тапшы болуы мүмкін. Компания осы мәселеге байланысты кассалық бекеттерін қосымша қаржымен қамтығандарын мәлімдеді. Сонымен қатар, жолаушылар тиесілі ақшасын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта алуына болады. Тіпті билет мерзімі өтіп кеткен келесі күні де қаржысын қайтарып алады. Теміржол компаниясы жолаушыларды уақытша қарбаласқа шыдамдылық танытып, билеттер қайтаруды рәсімдеу ісіне түсіністікпен қарауға шақырды.

Алмас Айтбаев, «Жолаушылар тасымалы» АҚ маркетинг және сату департаментінің директоры:

– Біздің кассалар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Олар қолма-қол ақшамен қамтылды. Жеке меншік агенттіктер де қажетті қаржыны алды. Қазір жолаушылар жаппай кассаға барып жатыр. Оларға асықпауға болады. Себебі адамдар билет құнын жарты жылдың ішінде қайтарып ала алады. Ақшаны қолма-қол бірден қайтарып береміз. Бұл барлық бағыттағы пойыздарға қатысты жағдай.

Хабар 24 телеарнасы