447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертеңнен бастап елорда автобустары 21:00-ге дейін жүреді

  • 898
  • UPD: 09:10, 19.03.2020
Ертеңнен бастап елорда автобустары 21:00-ге дейін жүреді

Нұр-Сұлтан қаласында карантин жариялануына байланысты ертең, 19 наурыздан бастап қоғамдық көліктердің қозғалысына өзгерістер енгізіледі.

«Маршруттар саны қысқарады. Қазіргі уақытта қалада жалпы саны 856 автобус қозғалысқа шығып жүр. Олар ертеңнен бастап 676-қа қысқартылып, 21 пайызға азаяды», - деп мәлімдеді ЖШС City Transportation Systems төрағасы Игенбердинов Бекмырза ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар қалалық, экспресс және қала сыртына қатынайтын автобустар 21:00-ге дейін ғана жүретінін айтып өтті.

Хабар 24 телеарнасы