425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Карантин кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болады

  • 2830
  • UPD: 13:04, 19.03.2020
Карантин кезінде уақытты қалай тиімді өткізуге болады

Әлемдік тәжірибе коронавирустың таралуына қарсы күрестің ең жақсы әдісі карантин және қозғалысты барынша шектеу екенін көрсетіп отыр.

Елімізде қауіпті вирустың таралуын тоқтату үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілгені белгілі. Осыған байланысты қалаларда қалыпты тіршілік режимі өзгеріп, тұрғындар қауіпсіздік үшін үйлерінде отыруға мәжбүр.

Ал осы уақытты қалай тиімді өткізуге болады?

Кітап оқу

Карантин уақыты – кітап оқуға таптырмас мүмкін. Осыған дейін ойда жүрген кітаптарды оқып, жаңа авторлармен неге таныспасқа?! Кітап оқу стресс пен көңілсіздіктен арылуға көмектеседі. Сонымен қатар қазіргі уақытта кітаптардың электронды нұсқасын да оңай табуға болады.

Фильмдер мен сериалдар көру

Көптен бері көруге уақыт таппай жүрген фильмдер мен сериалдардың тізімі сізде де бар шығар. Әсіресе танымдық, деректі фильмдер адамның танымын кеңейте түсіп, ойлау қабілетін арттырады. Қазақ киносының алтын қорына енген фильмдерді тегін тамашалауға болады. Бүгінде Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ресми youtube-арнасында тәуелсіздік жылдары жарық көрген 4 толықметражды және 15 қысқа метражды анимациялық фильмдер, сонымен қатар қазақ киносының классигі Шәкен Аймановтың толық фильмографиясы бар.

Білім алу

Ең жақсы инвестиция өзіңізге және дамуыңызға салынған инвестиция екенін ұмытпаған жөн. Карантин уақыты жаңа нәрселер үйреніп, қабілетті арттыруға, шет тілдерін үйренуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қолжетімді көптеген онлайн курстар мен түрлі онлайн-платформалар бар. Ғаламтор дәуірінде тіпті үйіңізде отырып-ақ әлемдегі ең үлкен мұражайларға онлайн кіріп, аралай аласыз. Сонымен қатар өз әлеуметтік желіңізді дамытып, блог жүргізуге де кеш емес.

Қоқыстардан арылу

Үйдегі артық заттардан арылу кеңістікті ғана емес, адамды қажетсіз ойлардан тазартады. Артық заттарды қайырымдылық ретінде беруге болады.

Спортпен айналысу

Үйде спортпен айналысу үшін арнайы спорт құрылғылары мен жүгіру жолақтарын сатып алудың қажеті жоқ. Интернеттегі йогадан бастап, күрделі спорт жаттығуларына дейін үйде жасауға болады. Ынта болса болғаны.

Елордада қандай қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады

Иммунитетті қалай нығайту керек - мамандар кеңесі

Мамандар үйді қауіпті вирустан қалай қорғау керек екенін айтты

Мамандар ұялы телефондарды дезинфекциялауға кеңес берді

Хабар 24 телеарнасы