443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалықтар коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша қайда хабарласа алады

  • 135
  • UPD: 09:37, 20.03.2020
Елордалықтар коронавирусқа қатысты сұрақтар бойынша қайда хабарласа алады

iKOMEK қалалық орталығы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына коронавирустық инфекция (COVID-19) симптомдары мен ол анықталған жағдайдағы іс-қимыл тәртібі туралы 1-0-9 қысқа нөмірі арқылы 24/7 бойы консультация береді.

Төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуіне байланысты iKOMEK қалалық орталығы күшейтілген жұмыс тәртібіне өтіп, iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы операторларының желісі 53 операторға дейін ұлғайтылды.

«Өткен тәулікте iKOMEK109-ға 8 000-нан астам өтініш келіп түсті, оның 4 000 коронавирустық инфекцияға қатысты. 13 наурыз бен 20 наурыз аралығында коронавирус бойынша 10 000-ға жуық өтініш тіркелді. Тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді талдау негізінде біз жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар әзірледік», - деді iKOMEK қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

Қосымша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары барлық мәселелер бойынша iKOMEK109-ға мына сервистердің көмегімен жүгіне алады:

- Әкімдіктің ресми сайты astana.gov.kz - iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);

- Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);

- Аitu.city порталы

Ақпарат көзі: Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы