422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирус жұқтырған науқастардан қандай белгілер байқалады

  • 1401
  • UPD: 14:53, 20.03.2020
Коронавирус жұқтырған науқастардан қандай белгілер байқалады

Тыныс алу жолдарының ғана емес, сонымен қатар ас қорыту жүйесінің бұзылуы да коронавирустың белгілері болуы мүмкін.

COVID-19 жұқтырған науқастар туралы деректерді сараптаған ғалымдар осындай тұжырымға келді.

Екі зерттеу жұмысының нәтижелері The American Journal of Gastroenterology және Clinical Gastroenterology and Hepatology журналдарында жарияланды.

Бірінші жағдайда мамандар коронавирустың таралу ошағы болған Қытайдың Ухань қаласындағы үш ауруханада 204 науқасты бақылап отырған.

Олардың жартысына жуығы диарея мен тәбеттің болмауына шағымданған. Науқастардың кейбіреуі жүректің айнуы, құсу және іштің ауыруына шағымданғаны анықталды.

Сонымен қатар мұндай науқастарда коронавирустың респираторлық белгілері кейінірек пайда болды немесе мүлдем байқалмады.

Ғалымдар қалыпты салқын тиюдің белгілері науқастардың бірінші толқынына, ал ас қорыту жүйесіндегі белгілер екінші толқындағы науқастарға тән деген қорытындыға келді.

Сонымен бірге америкалық зерттеушілер созылмалы асқазан-ішек аурулары бар адамдардың инфекция жұқтыру қаупі жоғары екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы