445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің бірқатар аймағында ескерту жарияланды

  • 126
  • UPD: 16:40, 20.03.2020
Еліміздің бірқатар аймағында ескерту жарияланды

21 наурызда Қостанай облысында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қостанай қаласында  21 наурызда күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

21 наурызда Түркістан облысының таулы аудандарында таңертеңнен жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Шымкентте 21 наурызда кей уақытта найзағай ойнап, түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады.

Түркістан қаласында 21 наурызда түнде және таңертең найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с желдің тұрады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

21 наурызда Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 21 наурызда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші бөлігінде екпіні 15-20 м/с шамасында болады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

21 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с.

Қызылорда қаласында 21 наурызда таңертең және күндіз найзағай жарқылайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші таңертең және күндіз 15-20 м/с шамасында.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%

Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы