435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визасы 20 сәуірге дейін ұзартылады

  • 166
  • UPD: 16:47, 22.03.2020
Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визасы 20 сәуірге дейін ұзартылады

Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттары 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзартылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер минситрлігінің Telegram-арнасы хабарлайды.

«Қазақстанда жүрген шетел азаматтарының назарына! Қазақстанда коронавирус COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі шектеу шараларына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттарын 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзарту, сондай-ақ 57 ел үшін визасыз режим туралы бұрын қолданыста болған ереже бойынша ҚР аумағына келген шетелдік азаматтардың болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады» делінген хабарламада. Сондай-ақ онда осы санаттардағы шетел азаматтарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданбайды.

Хабар 24 телеарнасы